Огайо мен Индиана штаттарында 5 миллионнан астам үй жарықсыз қалды

Огайо мен Индианада күшін арттырған дауыл мен құйын салдарынан көптеген адам жарақат алды.

1209705
Огайо мен Индиана штаттарында 5 миллионнан астам үй жарықсыз қалды

Америка Құрама Штаттарының Огайо мен Индиана штаттарында күшін арттырған дауыл мен сулы боранның салдарынан көптеген адам жарақат алды. Елде 5 миллионнан астам адамның жарықсыз қалғаны білдірілді.

Ұлттық Метеорология қызметі дауыл мен қарқынды боранның Огайо мен Индиана штаттарында ықпалды болғанын және кейбір аймақтарға ауыр зиян келтіргенін жариялады.

Огайоның Дайтон қаласын шайқаған құйын көптеген адамның жарақат алуына себеп болды.

Лауазымдылар Огайода шамамен 5 миллион адамның жарықсыз қалғанын атап көрсетті.

Селина, Нью-Медисон, Лаура, Дайтон және Лаурелвилле қалаларындағы шығындарды есептеу жұмыстарының басталатыны білдірілді.

Оклахоманың Әл-Рено қаласында аптаның соңында ықпалды болған құйын мен боран салдарынан 2 адам қаза тапқан болатын.

Қалаға маңызды шығын келтірген құйында 10-нан астам адамның жоғалғаны немесе жаралы екені жарияланған еді.



Ұқсас жаңалықтар