Еуропа Парламенті сайлауы аяқталды

Сайлаудың соңғы күні 20 елде сайлау өткізілді.

1208840
Еуропа Парламенті сайлауы аяқталды

Төрт күндік Еуропа Парламенті сайлауы аяқталды.

Сайлаудың соңғы күні 20 елде сайлау өткізілді.

400 миллион сайлаушының шамамен 51 пайызы Еуропа Парламентінің 751 мүшесін анықтау үшін дауыс қолданды.

Бейресми алғашқы қорытындыға қарағанда,  Еуропа көлемінде орталық оңшыл партиялар мен социол демократтар дауыстарынан айрылып қалды,  асыра оңшыл партиялардың даусы артты.

Францияда сайлаудан ұшқары оңшылдар жеңіспен шықты.  Ьейресми қорытындыға қарағанда,  ұшқары оңшыл Ұлттық Бірлік партиясы 23,3 пайыз дауыс алды.

Президент Эммануэль Макронның партиясы болса екінші орын алды. Қорытындыдан кейін Ұлттық Бірлік партиясының төрағасы Марин Ле Пен президент Макронды мерзімнен бұрын сайлау өткізуге шақырды.

Грекияда болса премьер-министр Алексис Ципрастың партиясы үлкен шығынға ұшырады. Партия оппозициядағы Жаңа Демократия партиясынан 9 ұпай артта қалғандықтан премьер-министр Ципрас мерзімнен бұрын сайлау жариялайтынын білдірді.

Германиядағы алғашқы санаққа қарағанда Жасылдар партиясы 22 пайыз дауыс алып, бірінші орынға шықты.  

Ұшқары оңшылдар жеңіске жеткен елдердің бірі – Италия. Коалиция үкіметінің ортағы Лиг партиясы жеңіске жетті.  Еуропа Парламентінде 73 орындығы бар Италияла алғаш рет ұшқары оңшыл көзқарастағы бір партия сайлауда жеңіске жетті.

Ұлыбританияда болса ұшқары Brexit партиясы сайлаудан жеңімпаз болып шықты.

Бельгияда да ұшқары оңшыл партиялар сайлауға таңбасын басты.

Венгрияда босқындарға қарсы шыққан премьер-министр Виктор Орбанның партиясы мен үкіметтегі Христиан демократ халық партиясы құрған одақ 52 пайыз дауыс жинап, бірінші орын алды.

Голландияда болса Жұмысшы партиясы алда келді. Көпшілігін түрік және босқындар құрған Денк партиясы болса парламентке мүше жібере алмады.

Испанияда сайлаудан социалистер жеңіп шықты.



Ұқсас жаңалықтар