Грекияда ерте сайлау болуы мүмкін

Алексис Ципрас мерзімнен бұрын сайлау өткізілетінін білдірді

1208630
Грекияда ерте сайлау болуы мүмкін

Грекия премьер-министрі Алексис Ципрас партиясының Еуропа Парламенті сайлауында оппозициядан кері қалуы салдарынан мерзімнен бұрын сайлау өткізілетінін білдірді.

«Жергілікті сайлаудың екінші турынан кейін президенттен ерте сайлау өткізілуін сұраймын» деді ол.

Алексис Ципрас партиясының орталық ғимаратында кешегі Еуропа Парламенті сайлауы мен жергілікті әкімшілік сайлауына баға берді. Сайлау қорытындысының күткендей болмағанын білдірген Ципрас: «Қорытындыны елемеу маған жараспайды» деді.

Ципрас күрестен ешқашан қашпайтынын тілге тиек етіп: «Жергілікті сайлаудың екінші турынан кейін президенттен мерзімінен бұрын сайлау жариялауын сұраймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар