Солтүстік Корея АҚШ тұғырын өзгертпесе, келіссөз бастамайтынын білдірді

Солтүстік Корея АҚШ тың бір тұғыр ұстанбаса, ядролық кездесулердің қайта бастауы мүмкін болмайтынын жариялады.

1207915
Солтүстік Корея АҚШ тұғырын өзгертпесе, келіссөз бастамайтынын білдірді

Солтүстік Корея Америка Құрама Штаттары тың бір тұғыр ұстанбаса, ядролық кездесулердің қайта бастауы мүмкін болмайтынын жариялады. 

Yonhap-тың Солтүстік Кореяның ресми хабар агенттігі KCNA-ны негіз еткен хабарына қарағанда, Солтүстік Кореяның Сыртқы істер министрлігінен бір мәлімдемеші АҚШ-тың президент Дональд Трамп пен Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ын арасындағы саммиттен нәтиже шықпауына Солтүстік Корея жауапты деген бір бейне көрсетуге талпынғанын білдірген.

Аты жарияланбаған мәлімдемеші АҚШ егер тың бір жобамен келсе, Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы кездесулердің қайтадан бастауы мүмкін екенін атап көрсеткен.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ын арасында Вьетнамның астанасы Ханойда 27-28 ақпан күндері ұйымдастырылған саммитте аздаған ілгерлеулер болғанымен, келісімге қол қойылатын нәтижеге жетпегендері хабарланған еді. 

Дональд Трамп Ким Чен Ынмен кездесуіне байланысты:

"Олар эмбарголардың толығымен жойылуын сұрады. Біз бұлай істеуге ниетті емеспіз. Сол себепті келісімге келе алмадық" деген болатын. 

Солтсүтік Корея Сыртқы істер министрі  Ри Йонг Хо саммитте эмбарголардың жартылай тоқтауын талап еткендерін айтты.   

 



Ұқсас жаңалықтар