Үндістанда шыққан өртте 15 оқушы мерт болды

Үндістанның батысындағы Гуджарат уәлаятындағы бір ғимаратта шыққан өрт апатында 15 оқушы мерт болды.

1207914
Үндістанда шыққан өртте 15 оқушы мерт болды

Үндістанның батысындағы Гуджарат уәлаятындағы бір ғимаратта шыққан өрт апатында 15 оқушы мерт болды. 

Мемлекеттік ақпаратта шыққан хабарға қарағанда, Гуджанат уәлаяты премьер-министрінің орынбасары Нитин Патель мәлімдеме жасап, Сурат қаласының Сарихана аймағындағы бір ғимаратта шыққан өртте арнаулы курс оқушыларынан 15 кісінің мерт болғанын, көптеген кісінің де жараланғанын білдірді.

Патель қаза болған адам санының артуынан алаңдап отырғандарын айтты.

Өрт сөндіру тобының ғимаратта өрт сөндіру жұмысына кіріскені білдірілді.

Әлеуметтік ақпаратта шыққан хабарлар мен көріністерге қарағанда, арнаулы сабақ берілген ғимараттың 3-4. қабаттарындағы терезелерден жалын мен тұманнан қашқан адамдардың секіргені байқалды. 

Өрт апатына байланысты тергеу басталды. 



Ұқсас жаңалықтар