Ауғанстандағы мешітке бомбалы шабуылда дін ғалымы қаза тапты

Ауғанстанның астанасы Кабулдағы бір мешітке жұма намазы кезінде ұйымдастырылған бомбалы шабуылда бір дін ғалымының қаза тапқаны,16 кісінің де жараланғаны білдірілді.

1207656

Ішкі істер министрлігінің мәлімдемешісі Насрат Рахими  ақпаратқа жасаған мәлімдемесінде Кабулдағы Ел Тахуа мешітінде жұма намазы кезінде ұйымдастырылған бомбалы шабуылда бір дін ғалымының қаза тапқанын,16 кісінің де жараланғанын хабарлады.

Бомбалы шабуылды ешкім мойнына алған жоқ.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандахар уәлаятында да бір бомба тиелген көлікпен жасалған шабуылда 10 адам жарақат алды.

Кандахар Қоғам қауіпсіздігі басшысы Тадин Хан мәлімдемесінде шабуылдың Айну Мине аймағында ұйымдастырылғанын айтты.

Бомбалы шабуылда 6 баланы қамтыған 10 бейуаз адамның жараланғанын білдірген Хан жарылыстың әсерінен аймақтағы үйлердің зақымдалғанын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар