Мэй отставкаға кететінін білдірді

Тереза Мэй 7 маусым күні партиясының лидерлігінен отставкаға кететінін білдірді.

1207708
Мэй отставкаға кететінін білдірді

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 7 маусым күні партиясының лидерлігінен отставкаға кететінін білдірді.

Партиясының басшылығымен бас қосқан Мэй 7 маусым күні басшылықты тастайтынын айтты.

«Brexit-ті жүзеге асыра алмау  - мен үшін үлкен өкініш» деген Тереза Мэй партияның жаңа басшысы сайланғанға дейін премьер-министрлік қызметін атқаратынын білдірді.

Үш жылға жуық уақыттан бері премьер-министрлік қызметін атқарған Мэй отставкасын жариялағаннан кейін көз жасына ерік берді.

Ол жаңа Brexit жоспары себебімен кабинет және депутаттардың наразылығын алған болатын. Мэйдің Brexit келісімі парламентте үш рет кері қайтарылған еді.



Ұқсас жаңалықтар