Босқындар өз еліне оралды

Босқындар арасында 71 әйел, 37 бала және 27 сәби болған.

1207556
Босқындар өз еліне оралды

Заңсыз жолдармен Еуропаға жеткісі келген нигериялық 195 азамат ерікті түрде Ливиядан өз елдеріне оралды.

Нигерия Ұлттық төтенше жағдай басқарма агенттігі Лагос координаторы Алхаджи Идрис Мұхаммед журналистерге мәлімет беріп,  Нигерия Федералдық үкіметі мен Халықаралық Миграция ұйымының ынтымақтастығымен нигериялық босқындардың өз еркімен Ливиядан Нигерияға қайтқанын білдірді.

Босқындар арасында 71 әйел, 37 бала және 27 сәби болған.

Мұхаммед қайта оралғандар арасындағы үш кісінің денсаулық проблемасы бар екенін айтты. Оларға Халықаралық Миграция ұйымы көмек көрсетеді.

2017 жылдан бері 8 мыңнан астам нигериялық босқын ерікті түрде еліне оралды.

Нигерия – шамамен 186 миллион халық санымен Африканың ең ірі елі.  Нигерияда халық экономикалық дағдарыс және қауіпсіздік мәселелерімен арпалысуда.

Елдің солтүстік шығысындағы террорлық ұйым Боко Харам мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыс салдарынан миллиондаған адам ел-жұртын тастап көшті.

Еуропаға жету үшін Ливия арқылы Сахара шөлі мен Жерорта теңізінен өтуге тырысқандардың кейбірі адам саудагерлерінің қолына түседі,  кейбірі де шөлде немесе теңізде жан тапсырады.



Ұқсас жаңалықтар