Пәкістан баллистикалық зымыран сынақтан өткізді

Пәкістан армиясы «Шахин-2» атты баллистикалық зымыранының табысты түрде сынақтан өткенін білдірді.

1206666
Пәкістан баллистикалық зымыран сынақтан өткізді

Пәкістан армиясының мәлімдемешісі генерал Асыф Гафур «Шахин-2» атты зымыранның табысты түрде сынақтан өткенін білдірді.

Тақырыппен байланысты әлеуметтік медиа арқылы мәлімдеме жасаған Гафур «Шахин-2 деп аталған құрлықтан құрлыққа баллистикалық зымыран сынағымыз табысты болды. Ядролық тұмсық тасымалдай алатын зымыранның қашықтығы мың 500 шақырым. Шахин-2 зымыраны Пәкістанға қажетті аймақтық тұрақтылық үшін қажетті қорғаныс күшіне ие» деді.

Армиядан жасалған мәлімдемеде болса зымыранның Оман теңізіндегі нысананы табысты түрде жойғаны, сынақтың жоғары деңгейлі лауазымдылармен қадағаланғаны атап көрсетілді.

Премьер-министр Имран Хан жасаған мәлімдемеде «зымыранды өндіріп, нысанасын табысты түрде жоюын қамтамасыз еткен инженерлер мен әскери кадрларды құттықтаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар