Түрмеде көтеріліс шықты

Үш қызметкер мен 29 тұтқын қаза тапты.

1204568
Түрмеде көтеріліс шықты

Тәжікстанда ДАИШ ұйымына мүше террористтер жатқан түрмеде көтеріліс шығып, үш қызметкер мен 29 тұтқын қаза тапты.

Тәжікстан Әділет министрлігі көтерілістің Душанбеге жақын жердегі түрмедегі террористтердің үш түрме қызметкерін және 5 адамды пышақтап өлтіргеннен кейін басталғанын хабарлады.

Барлығы 1500 сотталған азамат жатқан түрмеге кірген қауіпсіздік күштері ДАИШ террорлық ұйымына мүше 24 тұтқынды өлтірді және түрмеде тыныштықты қамдады.

Көтерілісті бастатқандардың бірінің ДАИШ басшыларының бірі Гүлмурат Халимовтың баласы Бехруз Гүлмурат екені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар