Араб лидерлерге саммит шақыруы

Сауд Арабиясы королі Селман ибн Абдүлазиз араб лидерлерді Мекке қаласында 30 мамыр күні болып өтетін 2 бөлек саммитке шақырды.

1203956
Араб лидерлерге саммит шақыруы

Сауд Арабиясы королі Селман ибн Абдүлазиз Шығанақ ынтымақтастық Кеңесі және Араб Одағына мүше елдердің лидерлеріне Мекке қаласында 30 мамыр күні кезектен тыс ұйымдастырылуы жоспарланған 2 саммитке шақырды.

Сауд Арабиясы ресми хабар агенттігі SPA-да Сыртқы істер министрлігінен бір лауазымға сілтеген хабарында король Селман Шығанақ ынтымақтастық Кеңесі және Араб Одағы елдерімен аймақта қауіпсіздік және тұрақтылықты күшейту үшін кеңес және координация құрғысы келеді.

Сауд Арабиясында сейсенбі күні екі мұнай стансасына «дрон» шабуылы жасалуы және өткен апта жексенбі күні екеуі Сауд Арабиясына тиесілі 4 сауда кемесіне Біріккен Араб Әмірліктері маңында саботаж жасалуының артынан аталмыш саммиттерді ұйымдастыруға шешім қабылданғанын білдірді.

Сауд Арабиясының Мекке қаласында 31 мамыр - 1 маусым күндері арасында 14-ші Кезекті Ислам саммитінің өткізілуі күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар