Жарылыстың жауапкершілігін террорлық ұйым ДАИШ мойындады

Жарылыста көптеген террорист қаза тапты.

Жарылыстың жауапкершілігін террорлық ұйым ДАИШ мойындады

Сирияның Манбидж ауданында террорлық ұйым YPG/PKK-ның ауыз жүзіндегі мәжіліс орталығында болған жарылыстың жауапкершілігін террорлық ұйым ДАИШ мойындады.

Жергілікті ақпарат көздерінің хабарына қарағанда,  елдің солтүстігіндегі Манбидж аудан орталығында террорлық ұйымның ауыз жүзіндегі әскери мәжіліс орталығында жарылыс болып,  көптеген террорист қаза тапты.  Арасында террорлық ұйымның Манбидж жауаптысы Робар Манбидж те бар.

Бомба тиелген көлікпен жасалған шабуыл нәтижесінде ғимаратта үлкен шығын болды.  Жарылыстан кейін АҚШ басшылығындағы коалиция күштерінің тікұшақтары аймақта барлау жүргізді.

Шабуылды ДАИШ террорлық ұйым мойындады.

Манбидж ауданы 2016 жылдың тамыз айынан бері террорлық ұйым YPG/PKK-ның бақылауында.



Ұқсас жаңалықтар