Венесуэла үкіметі кейбір оппозициялық топтармен кездесті

Венесуэланың БҰҰ тұрақты өкілі Өкілетті елші Джордж Валеро үкімет пен оппозиция арасында келіссөз жасалғанын растады.

1202879
Венесуэла үкіметі кейбір оппозициялық топтармен кездесті

Венесуэланың БҰҰ тұрақты өкілі Өкілетті елші Джордж Валеро ауыр саяси кезең бастан кешкен Венесуэлада үкімет және оппозиция арасында келіссөз жасалғаны жайлы қауесеттерді растады.

Өкілетті елші Валеро БҰҰ Женева офисінде өткізген баспасөз жиналысында Венесуэла үкіметі және оппозициясының Норвегияның бітімгерлігінде осы елдің бас қаласы Ослода екі кездесу жасағаны жайлы бір сұраққа «Боливаршыл үкімет пен оппозицияның демократиялық тараптары арасында келіссөз жүргізіле бастады. Демократиялық оппозиция деп аталған бір оппозициялық топ бар. Осылар ашық айтқанда АҚШ империясының қуыршағы» деп жауап қайтарды.

Валеро елінде ұлтшыл бір көрініс ортаға қойған бір оппозиция мен АҚШ саясаттарының ізінен жүрген бір оппозиция бар екенін атап, Норвегиядағы келіссөздерде оппозициялық басшы Хуан Гуаидоның тобымен тікелей көріспегендерін білдірді.

«Венесуэла үкіметі келіссөздерді жақсы көрген бір үкімет» деген Валеро үкіметтің оппозициямен келіссөздерінің жаңа еместігін Доминик Республикасында басталған бір келіссөз кезеңінің өтіп жатқанын еске салды.

Келіссөз делегациясында үкімет атынан Коммуникация, мәдениет және туризмге жауапты вице-президент Жорге Родригез мен Миранда губернаторы Гектор Родригез оппозицияның атынан болса бұрынғы депутаттар Герардо Блиде, Фернандо Мартинез, және бұрынғы министр Карлос Андрес Перез орын алады.



Ұқсас жаңалықтар