"Идлиб дағдарысты азайту аймағы" шабуылдарында 3 кісі қаза тапты

Башар Асад режимі "Идлиб дағдарысты азайту аймағы" шекарасы ішіндегі елді мекендерге әуеден және құрлықтан жасаған шабуылдарында 3 кісі қаза тапты.

"Идлиб дағдарысты азайту аймағы" шабуылдарында 3 кісі қаза тапты

Сирияда Башар Асад режимі мен қолдаушыларының "Идлиб дағдарысты азайту аймағы" шекарасы ішіндегі елді мекендерге әуеден және құрлықтан жасаған шабуылдарында 3 кісі қаза тапты.

Башар Асад режимі мен қолдаушыларының "Идлиб дағдарысты азайту аймағы" шекарасы ішіндегі елді мекендерге әуеден және құрлықтан  шабуылдары жалғасып жатыр.

Азаматтық қорғаныс хабар көздерінен алынған мәліметке қарағанда, режимнің Идлиб уәлаятының Ниш ауданында ұйымдастырған әуе шабылында 2 жәй азамат, Марратиннуман ауданына жасалған зеңбірек шабуылында бір жәй азамат қаза тапқан.

25 сәуірден бері кемінде 145 бейуаз азамат мерт болды, 385 адам да жараланды.

Түркия, Ресей және Иран 2017 жылы 4-5 мамырда Астанада ұйымдастырған жиналыста Идлиб пен төңірегін "Дағдарысты азайту аймағы" деп жариялаған болатын. Сирия режимінің атысты тоқтату шартын бұзуына орай, Түркия мен Ресей қосымша келісім жасасқан. Режим қолдаушылары 2018 жылы 17 қыркүйекте Сочиде қол қойылған келісімге қарамай, шабуылдарын жалғастырып келеді.  



Ұқсас жаңалықтар