Ұлыбритания Ресей мен Асад режимінің шабуылдарын айыптады

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джереми Хант «Идлиб дағдарысты азайту аймағына» бағытталған шабуылдар жайлы мәлімдеді.

1197406
Ұлыбритания Ресей мен Асад режимінің шабуылдарын айыптады

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джереми Хант Ресей мен Сирия режимінің Идлибке бағытталған соңғы шабуылдарымен әрі Анкара мен Мәскеу арасында қол қойылған атысты тоқтату келісімін бұзылғанын, әрі аймақтағы гуманитарлық жағдайды одан да нашарлатқанын атап көрсетті.

Хант «Идлиб дағдарысты азайту аймағына» бағытталған шабуылдармен байланысты мәлімдеме жасады.

Ресей мен Сирия режимінің Идлибге бағытталған әскери операцияларды арттыруының уайымдарды арттырғанын атап көрсеткен Хант соңғы 7 айдың ішінде тұңғыш рет баррель бомбаларының қолданылғанын, мектептер, ауруханалар тіпті жедел операциялық топтардың нысанаға алынғанын білдірді.

Ондаған жазықсыз адам өлтірілгенін және 150 мыңнан астам адамның үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған шабуылдарды айыптаған Хант «Ресейдің Түркиямен жасаған келісімді ашық түрде бұзған соңғы шабуыл тек қана Идлибте қазірше қорқынышты деңгейдегі гуманитарлық жағдайды одан да нашарлатуда» деді.

Ресей мен Асад режимінің Сочи келісімі мен халықаралық гуманитарлық құқықтан туындаған жауапкершіліктерін орындау керектігін атап көрсеткен Хант сондай-ақ Сирияда келешекте химиялық қару қолданысына жылдам және лайықты бір жауап қайтаратынын да ұмытпау деген керектігіне назар аударды.

Идлиб дағдарысты азайту аймағы ішінде тұрғын аймақтарына соңғы 5 күнде жасалған шабуылдарда кем деген де 82 жазықсыз адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар