Хамас Израильдің шабуылын айыптады

Хамас Израильдің Анатолы агенттігіне және Ярдымели қоғамының Газадағы ғимаратына жасаған шабуылын айыптады.

1195336
Хамас Израильдің шабуылын айыптады

Хамас Израильдің Анатолы агенттігіне және Ярдымели қоғамының Газадағы ғимаратына жасаған шабуылын айыптады.

Хамастан жасалған жазбаша мәлімдемеде:

"Израильдің Анатолы агенттігіне және Ярдымели қоғамын қамтыған Газада жұмыстанып жатқан Түрік ақпарат және жәрдем ұйымдарына бағытталған қылмысты әрекетін айыптаймыз" делінді. 

Шабылда зиян тартқан ұйымдармен ымырашылдық ішінде болғаны білдірілген және аталмыш ұйымдардың Палестина халқына көрсеткен қызметтеріне алғыс айтылған мәлімдемеде:

"Түрік халқының Палестина халқының қасында болатындарына сенеміз" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде "Америка Құрама Штаттарының берген қолдауы мен халықаралық қоғамның көз бояушылық тұғырының көлеңкесінде Газаға бағытталып нағыз соғыс қылмысының жасалып жатқаны", алайда, бұл әрекеттер Палестина халқының жігерін шайқалта алмайтыны баса дәріптелді.  



Ұқсас жаңалықтар