«Венесуэлада жағдай ауыр және Трамп әкімшілігі одан да нашарлатуда»

АҚШ Конгресінің басына орамал таққан алғашқы мүшесі Илхан Омар Трампқа наразылық көрсетті.

1194218
«Венесуэлада жағдай ауыр және Трамп әкімшілігі одан да нашарлатуда»

АҚШ Конгресінің бас орамал таққан алғаш мүшесі Илхан Омар «Венесуэлада жағдай ауыр және Трамп әкімшілігі одан да нашарлатуда. Соғысқа емес, дипломатияға қолдау беруге тиістіміз» деді.

Омар Венесуэлада жасалған төңкеріс әрекетіне твиттер арқылы наразылық көрсетті.

АҚШ-тың мұның алдында жасалған операциялары сияқты соғысқа қарсы шыққандарды «диктатор қолдаушысы» және «еркіндік дұшпаны» деп айыптағанын білдірген Омар «Осы сценарийді Иракта көрдік. Венесуэлада жағдай ауыр және Трамп әкімшілігі осыны одан да нашарлатуда. Соғысқа емес, дипломатияға қолдау беруге тиістіміз» деді.

Венесуэладағы төңкеріс әрекеті кезінде Венесуэлада 23 қаңтар күні өзін «президент» деп жариялаған Мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидо тарапынан сейсенбі күні твиттер арқылы жариялаған еді. Гуаидо 3 минуттық бейне көрініс арқылы халық пен әскерді көтеріліске шақырған еді.

Венесуэла Қорғаныс министрі Владимир Падрино Лопез болса төңкеріс әрекетіне қарсы шығатындарын атап «Біз қарулы күштер ретінде Атазаңды қорғауға ант бердік. Опасыз төңкеріс әрекеті алдында дайынбыз. Әскери жасақтарда теріс көзқарас жоқ. Армия қолбасшыларының бұйрығына бағынуда» деді.

АҚШ әкімшілігі болса Гуаидо мен жақтастарының төңкеріс әрекетіне толық қолдау берген мәлімдемелер жасады.



Ұқсас жаңалықтар