Шри-Ланкадағы террор шабуылында қаза тапқандар саны 359-ға ұласты

Полиция мәлімдемешісі террор шабуылдарында қаза тапқандар санының артқанын мәлімдеді.

Шри-Ланкадағы террор шабуылында қаза тапқандар саны 359-ға ұласты

Шри-Ланкада діни Пасха мерекесі үстінде террор шабуылдарында қаза тапқандар саны 359-ға ұласты.

Полиция мәлімдемешісі Руван Гунасекараның мәлімдемесіне қарағанда Пасха рәсімі кезінде шіркеу мен қонақүйлерге бағытталған бомбалы террор шабуылдарында қаза тапқандар саны артты.

Мәлімдемеші Гунасекара шабуылда қаза тапқандар санының 359-ға көтерілгенін жариялады.

Шабуылдардың артынан басталған операциялар аясында кеше тағы 18 күдіктінің ұсталғанын білдірген Гунасекара соңғы операциялармен бірге күдікті санының 40-тан 58-ге ұласқанын атап көрсетті.

Ұсталған күдіктілердің куәліктері және азаматтықтары жайлы мағлұмат бөліспеген Гунасекара алдынғы күні тергеуге алынған 40 адамның да Шри-Ланка азаматы екенін білдірген еді.

Шри-Ланкада христиандар үшін қасиетті Пасха рәсімі кезінде Кохчайкаде қаласындағы Қасиетті Антониус, Катанада Қасиетті Себестиан және Баттикалоадағы бір шіркеуге қоса бас қала Коломбода бес жұлдызды Шангри-Ла, Синнамон Гранд және Кингсбери қонақүйлеріне бомбалы шабуылдар жасалған болатын.

Осы шабуылдардың артынан Коломбо қаласының шет аймағы Дехивала қаласындағы зоологиялық бақ маңында және Коломбоның Дематагода қалашығында тұрғын үй кешенінде жарылыс болған еді.

Соңғы мағлұматтарға қарағанда 359 адам қаза тауып, 500-ден астам адам жарақат алған бомбалы шабуылды террор ұйымы ДАИШ мойындады.



Ұқсас жаңалықтар