Ресей АҚШ-тың Иранның экспорт табысын жоюды мақсат еткенін мәлімдеді

Ресей АҚШ-тың Иран мұнай санкцияларынан босатқан 8 ел үшін қабылдаған жаңа шешімін сынға алды.

1188990
Ресей АҚШ-тың Иранның экспорт табысын жоюды мақсат еткенін мәлімдеді

Ресей Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Иран мұнай санкцияларынан босатылған 8 елге жаңадан босату құқығы бермеу шешімін сынға алды. Еуроодақтың да шешімге қарсы екенін атап көрсеткен Чавушоғлу «Осы шешім көптеген елге болымсыз ықпал етеді» деді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде АҚШ-тың Иранның экспорт табысын жоюды мақсат еткенін білдірді.

Мәлімдемеде «Тегеранның тәуелсіз саясаты АҚШ-ты мазалайды. Өйткені Иран АҚШ-тың стратегиялық маңызы бар Таяу Шығыста егемен болуына кедергі жасайды» делінді.

АҚШ қабылдаған шешімдермен халықаралық қоғамның жазаланғанын атап  көрсеткен мәлімдемеде «Вашингтон бүкіл әлемге бас игізуді қалайды. Барлық елдер АҚШ-тың санкция қорқытулары себепті 2 мамырдан бері Ираннан мұнай сатып алуды тоқтатады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар