Меркель Зеленскийді құттықтады

Неміс канцлер Украинаның жаңа президентін еліне шақырды.

Меркель Зеленскийді құттықтады

Германия канцлері Ангела Меркель бейресми қорытындыға қарағанда Украинада президенттік сайлаудың жеңімпазы Владимир Зеленскийді құттықтады.

Бұл туралы үкімет баспасөз хатшысы Ульрике Деммер білдірді.

Деммер Украинадағы демократиялық сайлаудың қорытындысының Зеленскийге «мықты міндет» бергенін атап көрсетті.

Меркельмен телефон әңгімесінде Зеленский Германияның қолдауына орай алғыс айтты және Украинаның шығысындағы дағдарыстың шешіміне байланысты Нормандия форматы шеңберінде келіссөз жүргізуге ықылас танытты.

Меркель де неміс үкіметінің реформа жолында,  егемендік және территория тұтастығы тақырыптарында Украинаның жанында болатындарын білдірді.

Артынан канцлер Зеленскийді Германияға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар