Ливияда атысты тоқтату керек

Каирде жиналған Ливия жиналысында соғыстың тоқтатылуы және саяси келіссөздің басталуы үшін шақыру тасталды.

1188711
Ливияда атысты тоқтату керек

Мысырдың бас қаласы Каирде жиналған Ливия жиналысында соғыстың тоқтатылуы және саяси келіссөздің басталуы үшін шақыру тасталды. 

Декларацияда қарулы сарбаздар шығарған хаостың доғарылуы және қарудың армия күштері мен жүйелі полиция ұйымының қолында болуының маңызы атап көрсетілді.

Сонымен бірге дереу атысты тоқтату келісімінің жариялануы сұралды.  Декларацияда «Ливиядағы тұрақсыздықтың жалғасуынан ең көп зиян шегетін Африка елдері болғандықтан саяси шешімді қалайтындар да сол елдер» деп айтылды.

Мысыр президенті Әс Сиси 14 сәуірде Каирда Халифа Хафтермен өткізген кездесуінде елінің терроризм, жамағаттар және радикал қарулы топтармен күреске қолдау беретінін білдірген болатын.  Саяси сарапшылар Сисидің осы мәлімдемесін Хафтерді қолдайды деп пайымдаған еді.

Ливия жиналысына Сисимен бірге Руанда және Оңтүстік Африка президенттері, Африка Одағындағы Ливия комитеті басшысы Конгоның президенті және Африка Одағы комитеті басшысы Муса Факи де қатысты.



Ұқсас жаңалықтар