Париждің әлемге танымал Әулие Ана (Notre Dame) шіркеуі өртке оранды

Шамамен 93 метр биіктіктегі мұнаралардың біріне қоса, құрылыстың шатыры толығымен өртке оранып қирады.

1184085
Париждің әлемге танымал Әулие Ана (Notre Dame) шіркеуі өртке оранды

Францияның бас қаласы Париждегі Әулие Ана (Notre Dame) шіркеуінде кеше кешкі уақытта шыққан өрт 8,5 сағаттан кейін сөндірілді.

Шамамен 93 метр биіктіктегі мұнаралардың бірі мен құрылыстың шатыры толығымен өртке оранып қирады.

Шамамен 500 өрт сөндіргіш қызмет еткен өрт сөндіру жұмыстарының арқасында солтүстік қоңырау мұнарасы мен басты ғимарат құтқарылды.

Париж прокуратурасы өрттің себебін анықтау үшін тергеу ашты.

Францияда тарихи орындармен байланысты жұмыс істейтін Мұра қоры шіркеуді қалпына келтіру үшін ұлттық қайырымдылық акциясы басталатынын жариялады.

Францияның миллиардер «Pinault» жанұясы жаңадан қалпына келтіру жұмыстары үшін 100 миллион евро бағыш жасайтынын мәлімдеді.

Француз баспасөзінде орын алған хабарға қарағанда твиттер арқылы өрт хабары жайлы 1 миллион 600 мың фотосурет пен бейне жазба жарияланды.

Өртті «трагедия» деп бағалаған Франция президенті Эммануэль Макрон «Мақтанайық осы шіркеуді 800 жыл бұрын біз салдық және ғасырлар бойынша ауқымын кеңейтіп жетілдірдік. Бүгін нақты түрде қайталағым келеді, қайтадан бірге саламыз» деді.

Өрттің себебі қазірше анықталмаса да, өрт сөндіру мамандары 6 миллион евролық жаңарту жұмыстары себепті шығуы мүмкін екенін атап көрсетті.

Францияның символдарының бірі ретінде көрсетілген және соғысқа қарамастан болмысын жалғастырған әлемге әйгілі 856 жылдық құрылысқа ауыр зиян келуі француздар сияқты қалған Еуропа елдерін де өкіндірді.

Францияның бас қаласы Парижде өртке берілген Әулие Ана шіркеуі 850 жылдан асқан тарихымен христиандардың осы елдегі символы болып көрсетілетін.

Шіркеудің іргетасы 1163 жылы екі шіркеудің үйінділерінен жаңа бір шіркеу салу шешімі қабылданған соң Папа Александр III тарапынан қаланды.

Әсіресе Француз төңкерісі кезеңінде ауыр зиян келген шіркеуде көп мәрте жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Жыл сайын көптеген турист аралаған шіркеуде «Мариям Ана» мүсініне қоса, «Гүл терезелері» әртүрлі көркем өнер туындылары, дәу қоңыраулар мен Орта ғасырдан қалған мебельдер бар.

Француз автор Виктор Гюгоның 1831 жылы жазған «Нотр-Дам бүкірі» (Париж Құдай-ана соборы) атты шығармасымен даңқы шыққан шіркеу 5 мың 500 шаршы метрлік бір алаңға орналасқан.



Ұқсас жаңалықтар