Рухани: "Нәсілшіл, заңсыз және соғысшыл бір топ Ақ үйге билік жүргізуде"

Хасан Рухани Голан Төбелерінде Израиль билігін тек тарапты таныған АҚШ әкімшілігінің халықаралық құқықты аяқ асты еткенін айтты.

1173426
Рухани: "Нәсілшіл, заңсыз және соғысшыл бір топ Ақ үйге билік жүргізуде"

Иран президенті Хасан Рухани Голан Төбелерінде Израиль билігін тек тарапты таныған Америка Құрама Штаттары әкімшілігінің халықаралық құқықты аяқ асты еткенін айтты.

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп басшы болған үкіметтің Ядролық келісім және Париж Климат келісімі сияқты кейбір халықаралық келісімдерден тек тарапты шығуын ескерткен Рухани,

"Нәсілшіл, заңсыз және соғысшыл бір топ Ақ үйге билік жүргізуде" деп көрсетті.

Трамп әкімшілігінің халықаралық құқыққа қарасты болмағанын білдірген Рухани,

"Халықаралық заңдарды күн сайын аяқ астына алып отыр. Голан мәселесі де олардың заңға және бейбітшіл шешімдерге қарсы екенін көрсетеді. Әлемдегі ешқандай ел осы соғысшыл және нәсілшіл топтың әрекетін ұнатпайды" деді.

АҚШ-тың Тегеранға қарасты 1.6 миллиард долларлық мал-мүлікті иелеу ниетінің екі күннің алдында Люксембургтегі бір сот тарапынан теріске шығарылғанына да тоқталған Рухани, 

"Соңғы екі жылда АҚШ-қа қарсы үш мәрте құқық күресінде жеңіске жеттік. Әрі ядролық келісім, әрі екі миллиард долларлық  мұздатылған мал-мүлкіміз жайлы, әрі, Люксембург сотында АҚШ-қа қарсы табысқа жеттік" деп көрсетті.

Иранда болған сел апатына байланысты Рухани "Басты мақсатымыз халықтың амандығын сақтау. Селден туындаған зиянды мүмкіндігінше азайту. Осы тұрғыдан өзендер мен су қоймаларын нөсерлі жаңбырға қарсы дайын күйге келтіруіміз керек" деді.



Ұқсас жаңалықтар