Келімсектер алып қашқан танкер құтқарылды

Келімсектер өздерін құтқарған «Elhiblu 1» атты танкерді алып қашты.

1172513
Келімсектер алып қашқан танкер құтқарылды

Ливия теңіз айдынында келімсектер алып қашқан Палау Республикасы байрақты «Elhiblu 1» атты танкер Малтаның Ла-Валета портына апарылды.

Палау байрақты «Elhiblu 1» атты танкер Стамбул Тузладан 22 наурыз күні Триполи портына қарай аттанған еді.

«Elhiblu-1» атты танкердің капитаны және экипажы Либия жағалауынан шығып, үрлемелі қайықпен Еуропаға қарай бағыт алған 108 келімсекті кеше кешкі уақытта құтқарды.

Бірақ Триполиге қайта оралғысы келген 108 келімсек танкердің капитаны мен экипажын қорқытып, танкерді бақылауға алды және бағытын Мальтаға айналдырды.

Танкерді алып қашқан жайлы хабар тараған соң Мальта теңіз флоты операция жасап, танкерді бақылауға алды.

Мальтадағы Бойлер Вхарф портына аялдаған танкер 108 келімсекпен бірге полицияға өткізілді.

Палау байрақты танкердің түрік фирмасы тарапынан Ливияға сатылғаны жарияланды.

Капитаны түрік болған 52 метр ұзындығындағы танкерде 4 экипаждің үнді текті және 1 экипаждың ливиялық екені атап көрсетілді.

 



Ұқсас жаңалықтар