БҰҰ Газадағы дағдарысты азайту үшін талпынуда

Младенов "Газадан Израильдің солтүстігіне зымыран атылуы қабылданбайды. Бұл ауыр жағдай" деп көрсетті.

1170425
БҰҰ Газадағы дағдарысты азайту үшін талпынуда

Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыс Бейбітшілік процесі арнайы координаторы Николай Младенов БҰҰ-ның барлық тараптармен Газа Секторындағы дағдарысты азайту үшін талпынысты жалғастырып жатқанын білдірді.

Николай Младенов жазбаша мәлімдемесінде:

"Газадан Израильдің солтүстігіне зымыран атылуы қабылданбайды. Бұл ауыр жағдай" деп көрсетті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Мысыр және барлық тараптармен Газа Секторындағы дағдарысты азайту үшін талпынысты жалғастырып жатқанын атап өткен Младенов жағдайдың әлі де "өте дағдарысты" екенін меңзеді. 

Газадан атылған бір зымыран Тель-Авивтің солтүстігіндегі Шарон аймағындағы бір үйге түскен, үйдегі 7 адам жараланған болатын. 

Оқиғаға орай Израиль әкімшілігі Газаға ашылған Керм Ебу Салим және Бейт Ханун шекара қақпаларын жапты.

Ресми сапармен Вашингтонда жүрген Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Ақ Үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуінен кейін сапарын үзіп, еліне қайтуға шешім қабылдаған болатын.  



Ұқсас жаңалықтар