АҚШ Ресейден Венесуэлаға одан көп әскер жібермеуін талап етті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы орыс әріптесі Сергей Лавровқа телефон шалды.

1170586
АҚШ Ресейден Венесуэлаға одан көп әскер жібермеуін талап етті

Екі министрдің телефонмен әңгімелескенін білдірген АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісінің орынбасары Роберт Палладино жазбаша бір мәлімдеме жасады.

Палладино мемлекеттік хатшы Помпеоның орыс әріптесі Лавровқа Ресейдің Венесуэладағы қадамдарына қарсы аймақтағы одақтастарының үнсіз қалмайтынын атап көрсетті.

Мәлімдемеші орынбасары мәлімдемесінде «Николас Мадуроның заңсыз режимін қолдау үшін Ресейдің осы жерге әскери қызметкер жіберуі, уақытша президент Хуан Гуаидоға мықты қолдау берген Венесуэла халқының қайғысын арттырады. Министр Помпео Ресейге жағымсыз қадамдарын доғаруға және Венесуэла халқы үшін одан жарқын бір болашақ қалайтын басқа да елдерге қосылуы үшін шақыру жасады» деді.

Ресейдің әскери бір жүк ұшағымен Венесуэлаға 100-ден астам әскер мен 35 тонна медициналық жәрдем жолдағаны алға тартылды.

Венесуэладағы саяси дағдарыс...

Венесуэлада Ұлттық Мәжілістің төрағасы Хуан Гуаидо қаңтар айында өзін уақытша президент жариялады. АҚШ-тан бастап, Австралия, Канада, Коломбия, Перу, Эквадор, Парагвай, Бразилия, Чили, Панама, Аргентина, Коста Рика және Гватемала сияқты елдер тарапынан танылып, Еуропа парламенті де бірдей көзқараста шешім қабылдады.

Түркия, Мексика, Ресей, Иран, Куба, Қытай және Боливия болса Мадуро үкіметіне қолдауын қайталаған еді. Осы жаңалықтардың артынан Мадуро АҚШ-пен дипломатиялық ынтымақтастықты үзгенін, бірақ сауда-саттық қарым-қатынастардың жалғасатынын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар