Ресей ядролық келісім жөнінде НАТО-ны айыптады

Захарова Ресейдің Ядролық күштер Келісіміне қайшылық жасағанын айтқан НАТО Бас хатшысын өтірікші деп айыптады.

1168254
Ресей ядролық келісім жөнінде НАТО-ны айыптады

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Мария Захарова Ресейдің Орта Аралыққа атылатын Ядролық күштер Келісіміне (INF) қайшылық жасағанын айтқан НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергті өтірікші деп айыптады.

Мария Захарова әлеуметтік ақпарат парақшасынан жасаған мәлімдемесінде INF тақырыбында НАТО-ны жазғырды.

Йенс Столтенбергтің Ресейдің INF-ке қайшылық жасағанына байланысты мәлімдемесін бағаландырған Захарова:

"Шімірікпестен өтірік айтады. НАТО ылғи осылай істейді" деп көрсетті.

Захарова Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Столтенбергтің өткен ай Алманияның Мюнхен қаласындағы кездесулерінде Ресейдің INF-ке қайшылық жасағанына байланысты дәлел көрсетілмегенін білдірді. 

Интерфакс агенттігіне мәлімдеме жасаған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг  "Ресей INF-ке қайшылық жасауда және аталмыш тақырыпта НАТО-ның 29 мүшесі де ортақ көзқараста" деген болатын.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-ты INF-ке қайшылық жасауда деп айыптап, "Біздің де жауабымыз үйлесімді болады. АҚШ келісімді тоқтатқанын хабарлады. Біз де тоқтатамыз" деген еді. 



Ұқсас жаңалықтар