Трамп Бразилияға қолдау білдірді

Дональд Трамп Бразилияның НАТО-ға мүше болуына толық қолдау беретіндерін айтты.

1167142
Трамп Бразилияға қолдау білдірді

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Бразилияның НАТО-ға мүше болуына толық қолдау беретіндерін айтты.

Дональд Трамп Бразилиямен әскери қарым-қатынастарының дамығанын айтып,  осы елдің НАТО мүшесі болуына ашық қолдау беретіндерін білдірді.

Бразилия мемлекет басшысы Жаир Болсонаруді бірінші рет Ақ Үйде қонақ қылған Трамп АҚШ-Бразилия қатынастарына баға берді.

Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың өте маңызды және жақсы екенін атап көрсеткен Дональд Трамп Бразилияға барлық мағынада қолдау беруді жалғастыратындарын және байланыстардың бұрын соңды болмағандай мықты екенін білдірді.

Трамп айырықша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (OECD) мүше болғысы келетін Бразилияның осы ынтасына да көмектеетіндерін айтты.



Ұқсас жаңалықтар