Иран портында бір жүк кемесі жүгімен бірге суға кетті

Иран теңіз және порт қызметі директор орынбасары Хади Хакшинас мәлімдеме жасады.

Иран портында бір жүк кемесі жүгімен бірге суға кетті

Иранның оңтүстігінде Комор аралдары байрағы бар бір жүк кемесі жүгін босату кезінде темір арқанның шешілуі салдарынан суға кетті.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда Хүрмүзган уәлаятындағы Шәйіт Реджаи кеме портында химиялық материал тасымалдаған 153 контейнер жүктелген 90 метр биіктігіндегі жүк кемесі контейнерлерді портқа түсірген кезде жан жатты.

Контейнерлер теңізге құлаған кезде қысқа уақытқа үрей шығып теңізге өзін лақтырған бір экипаждың жарақат алғаны білдірілді.

Кеменің көпшілігінің қысқа уақыттың ішінде суға батқаны білдірілді.

Иран теңіз және порт қызметі директор орынбасары Хади Хакшинас «Кеме экипажы мен кран операторы арасында координацияның үзілуі салдарынан кеме жанына қарай жатып, кейін суға кетті» деді.

Хакшинас Комор аралдары байрағы бар жүк кемесінің 14 адамнан тұратын экипажының толығымен Үндістан азаматы екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар