Мешіттерге шабуыл бүкіл әлемде жаңғырық туғызды

Жаңа Зеландиядағы террор шабуылының артынан бүкіл әлемде наразылық шерулері мен еске алу бағдарламалары ұйымдастырылды.

1164964
Мешіттерге шабуыл бүкіл әлемде жаңғырық туғызды
y.zelanda tepkiler5.jpg
y.zelanda tepkiler4.jpg
y.zelanda tepkiler3.jpg
y.zelanda tepkiler2.jpg
y.zelanda tepkiler1.jpg

Жаңа Зеландиядағы Крайсчерч қаласында жұма намазы оқылған кезде екі мешітке жасалған опасыз террор шабуылында 50 адамның қаза табуына әлемнің түкпір-түкпірінен наразылық келді.

Террор шабуылы көптеген елде протест етілді, еске алу бағдарламалары ұйымдастырылды.

Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда құрбандар үшін еске алу рәсімі ұйымдастырылды. Рәсімге Ұлыбританияның оппозициялық жұмысшы партиясы басшысы Джереми Корбин де қатысты. Корбин шабуылды «қорқынышты» деп пайымдады.

Лондонда халықаралық нәсілшілдікпен күрес аясында шеру де ұйымдастырылды.

10 мыңдаған адам Исламофобия, антисемитизм және нәсілшілдікке қарсы шеруге шығып, Жаңа Зеландиядағы қанды террор шабылын айыптады.

Голландияда мұсылмандар тарапынан құрылған NIDA партиясы ұйымдастырған рәсімде мұсылмандарға қоса, еврей және христиан дін қызметкерлері мен голландиялықтар қатысты.

Рәсімде бірлік пен ынтымақтастық жолдамалары жасалып, шабуылдың тек қана мұсылмандар емес бүкіл әлемге қарсы жасалғанына назар аударылды.

Германияның бас қаласы Берлинде болса жүздеген адам нәсілшілдікке қарсы бас қосты.

Австрияның бас қаласы Венада болса «Нәсілшілдікке бас көтер» атымен жасалған шеруде мыңдаған адам Еуропаға ықпал еткен радикал оңшыл, нәсілшіл және мұсылман дұшпаны саясаттарға қарсы наразылық үшін көшелерге шықты.

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында болса «Нәсілшілдік пен фашизмге қарсы бірлік» атты платформаның шақыруымен бас қосқан жүздеген адам Исламофобия, нәсілшілдік, шетел дұшпандығы және антисемитизмге қарсы шеру ұйымдастырды.

Үндістанда студенттер көшелерге шықты. Мешіт шабуылы Алигарх Ислам Университеті студенттері тарапынан айыпталды.

Иорданияда болса террор шабуылында қаза тапқандар үшін сырттан жаназа намазы оқылды.

Хамас болса Түркияның Жаңа Зеландиядағы террор шабуылына қарсы ортаға қойған ұстанымы мен дипломатиялық деңгейде жүргізген жұмыстарды мақтан тұтқанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар