АҚШ әскерлері Йеменнен кері шегінеді

АҚШ Сенаты АҚШ-тың 30 күннің ішінде Йеменнен кері шегуін қамтамасыз еткен заң жобасын қабылдады.

1163072
АҚШ әскерлері Йеменнен кері шегінеді

АҚШ Сенаты әкімшіліктің Йеменде жалғасқан соғысқа көмектескен немесе соғысқа ықпал ететін барлық әскери болмысын 30 күннің ішінде кері шегуін қамтамасыз еткен заң жобасын қабылдады.

Сенат Жалпы Кеңесінде болып өткен дауыс беруде 46 қарсы дауысқа 54 қабылдау дауысымен қабылданған жоба президент Дональд Трамптың Сауд Арабиясы саясатына қарсы маңызды бір наразылық болып бағаланды.

Аталмыш жобада Әл-Каидамен соғысқандардан басқа елдегі соғысқа ықпал еткен американдық барлық әскери болмыстың кері шегінуін қамтиды.

Жобаның президент Трамптың алдына қойылуы үшін Конгрестің екінші қанаты болған Өкілдер Мәжілісінен де өтуі керек. Көпшілігі демократтардың бақылауында болған Өкілдер Мәжілісінің заң жобасын қабылдауы күтіледі.

АҚШ әкімшілігінің Сауд Арабиясына Йеменде жалғасқан соғыс үшін берген қолдауы Конгресте ұзақ уақыттан бері жалғасқан пікірталастарға себеп болған, Сенатта қабылданған бір жоба сол кезде республикашылдар саны көп болған Өкілдер Мәжілісінде қабылданбаған еді.

Қараша айында болып өткен Конгресс аралық сайлауында жаңарған Сенат пен Өкілдер Мәжілісінде аталмыш Йемен жобасының қайтадан күн тәртібіне келетіні атап көрсетілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар