Норвегия Израильдің тұрғын аймақтарын «заңсыз» деп жариялады

Норвегия Сыртқы істер министрі Ине Эриксен Серейде Мысыр сыртқы істер министрі Самих Шүкримен бас қосты.

1162578
Норвегия Израильдің тұрғын аймақтарын «заңсыз» деп жариялады

Норвегия Сыртқы істер министрі Ине Эриксен Серейде Израильдің Палестина жерінде салынған еврей тұрғын аймақтарын «заңсыз» деп жариялады.

Мысыр Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Серейде Мысыр сыртқы істер министрі Самих Шүкримен бас қосты.

Кездесуде Серейде мен Шүкри екі ел арасында әр сатыда екі жақты ынтымақтастықты жетілдіру жолдарына қоса әсіресе Палестина мәселесі мен Сирия және Ливия дағдарыстарынан бастап аймақтық және маңызды халықаралық тақырыптарда көзқарас алмасты.

Кездесуде сондай-ақ Таяу Шығыс пен Африка құрлығында қауіпсіздік және тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында ең маңызды мәселелердің басын құраған террор тақырыбы да қолға алынды.

Кездесудің артынан ұйымдастырылған ортақ баспасөз жиналысында мәлімдеме жасаған Норвегия Сыртқы істер министрі Ине Эриксен Серейде елінің Палестина халқының құқығын БҰҰ Палестиналық босқындарға жәрдем мекемесі арқылы қолдау беруге тырысқандарын атап көрсетті.

Израильдің Палестина жерінде салған тұрғын аймақтарына да тоқталған Серейде «Израильдің Палестина жеріндегі тұрғын аймақтары заңсыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар