Израиль кейбір араб елдерімен жақын байланыста

Нетаньяху бірақ мұның жасырын екенін айтты.

1162217
Израиль кейбір араб елдерімен жақын байланыста

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жақын уақытқа дейін «дұшпан» деп есептелген 6 Ислам елімен жақын байланыста екендерін айтты.

Нетаньяху 1967 жылғы «Алты күн соғысы» кезінде Израильге премьер-министр болған Леви Эшколды еске алу барысында сөз сөйледі.  Ол: «Қысқа уақытқа дейін Израильге дұшпан деп аталған маңызды алты Ислам елімен жақын байланыстамыз» деді.

Нетаньяху осы елдердің аттарын атамады және оқиғаның жасырын екенін атап көрсетті. «Қалған көршілермен де келісім жүргізіп,  байланысты арттырғымыз келеді, бірақ барлығымен емес» деді ол.

Нетаньяху Израиль халқының араб елдерімен қарым-қатынастардың жақсарғанының аз ғана бөлімін көріп отырғанын,  қатынастардың жасырын жалғасқанын білдірді.

Америка Құрама Штаттарының басшылығында Польшаның бас қаласы Варшавада 13-14 ақпан күндері өткен «Таяу Шығыста бейбітшілік пен қауіпсіздігінің болашағына қолдау беру» атты конференцияға Израиль премьер-министрі және көптеген араб елінің басшылары қатысқан болатын. Конференцияға Біріккен Араб Әмірліктері,  Бахрейн,  Катар, Оман және Йемен атынан сыртқы істер министрлері, Сауд Арабиясы атынан сыртқы байланыстарға жауапты мемлекеттік министр келген еді. Ливан мен Палестина болса конференцияға қатыспады.

Нетаньяху 26 қазан күні де Оманға барып,  король Кабус Бин Саидпен де кездескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар