23 мың жаңа тұрғын үй салынады

Израиль премьер-министрі Шығыс Иерусалимге 23 мың жаңа тұрғын үй салынатынын білдірді.

1161556
23 мың жаңа тұрғын үй салынады

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху келесі бес жылда басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимге 23 мың жаңа тұрғын үй салынатынын білдірді.

Нетаньяху әлеуметтік желідегі жазбасында: «Иерусалимде 276 миллион долларлық инвестициямен 23 мың жаңа тұрғын үй салынуы үшін келісімге қол қойдық» деді.

Нетаньяху «Иерусалимнің бір елді мекен емес,  мәңгілікке Израильдің астанасы және ұлттың 3 мың жылдық бөлшегі» екенін алға тартты.

Израиль телеарнасы Канал 7 аталмыш келісімге Қаржы министрлігі, Израиль территориясы басқармасы және Иерусалим муниципалитеті арасында қол қойылғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар