Аббас Мұхаммед Иштареге жаңа Палестина үкіметін құру міндетін берді

Палестина елбасы Аббас Фатх Орталық Кеңесінің мүшесі Мұхаммед Иштареге жаңа Палестина үкіметін құру міндетін берді.

1160581
Аббас Мұхаммед Иштареге жаңа Палестина үкіметін құру міндетін берді

Палестина елбасы Махмут Аббас мөлшермен екі айдан кейін Палестина Ұлттық Азаттық қозғалысы Фатх Орталық Кеңесінің мүшесі Мұхаммед Иштареге жаңа Палестина үкіметін құру міндетін берді. 

Фатх Орталық Кеңесінің мүшесі Хусейн еш-Шейх әлеуметтік ақпарат есебінен жасаған жазбаша мәлімдемесінде "Үкіметті құру міндеті берілген дос және бауырлас Мұхаммед Иштарені құттықтаймын. Палестина қызметінің табысты болуын тілеймін" деді.

Палестина ресми хабар агенттігі УАФА да Палестина елбасы Аббастың сонымен бірге Палестина Даму және құрылыс кеңесінің төрағалығын атқарып жатқан Иштареге үкіметті құру міндетін бергенін хабарлады.

Фатх Қозғалысы Орталық кеңесі қаңтардың соңында Хамаспен жүргізілген ымыраласу талпыныстарының табыссыз болғанын сылтау етіп, Палестина Азаттық Ұйымы аясындағы палестиналық ұйымдардан бір үкіметтің құрылуын және Фатх Орталық кеңесі мүшелерінен бір кісінің премьер-министр болуын ұсыныс еткен болатын.

Палестина елбасы Махмут Аббас Фатехтың ұсынысына сай, 29 қаңтарда Палестина Ымыраласу үкіметінің премьер-министрі Рами Ел-Хамдаллахтың отставкасын қабылдап,  жаңа үкімет құрылғанға дейін уақыттық премьер-министрлік міндетін атқаруын сұраған болатын.  



Ұқсас жаңалықтар