Германия Сауд Арабиясына қару экспорты тыйымын созды

Германия Сауд Арабиясына бағытталған қару экспортын тоқтату шешімін ағымдағы айдың соңына дейін созды.

1158230
Германия Сауд Арабиясына қару экспорты тыйымын созды

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас үкіметтің айдың соңына дейін Сауд Арабиясына қару экспорты тыйым шешімін жалғастыратынын атап, «Осы шешім Йемендегі жаңалықтарға орай қабылданды. Йемендегі соғыстың тез арада тоқтатылу керектігін ойлаймыз» деді.

Сондай-ақ Маас осы айдың соңына дейін алдында рұқсат берілген қару және оқ-дәрінің де жіберілмейтінін атап көрсетті.

Маас шешімнің наурыз айының соңына дейін созылып созылмайтыны жайлы пайым жасай алмайтынын, бірақ Йемендегі жағдайды қадағалауды жалғастыратындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар