Еуропада сағат ауыса ма?

Еуропа парламенті Қатынас комитеті мүше елдерде бірдей сағат режимін бастатуға байланысты жобаны бекітті.

1157149
Еуропада сағат ауыса ма?

Еуропа парламенті Қатынас комитеті мүше елдерде бірдей сағат режимін бастатуға байланысты жобаны бекітті.

Бельгияның бас қаласы Брюссельде бас қосқан ЕП Қатынас комитеті Еуропалық одаққа мүше елдерде қазіргі жаз және қысқы уақыт режимінің өзгертілуіне байланысты жобаны талқылады.

Жобаны комитет мүшелері 11-ге қарсы 23 дауыспен мақұлдады.

Жобаға қарағанда Еуропалық одаққа мүше елдер 2020 жылдың сәуір айына дейін жазғы немесе қысқы уақыт режимі арасында бір таңдау жасайды және 2021 жылдан бастап маусымдық уақыт режимі қолданылмайды.

Осы жобаның күшіне енуі үшін ЕП бас кеңесінде мақұлдануы, сондай-ақ мүше елдердің қолдауы керек.

Еуропалық одаққа мүше елдерде жыл сайын наурыз айының соңғы жексенбі күні сағат бір сағатқа алға,  қазан айының соңғы жексенбі күні бір сағат артқа ауыстырылады.

Еуропалық одақ комиссиясының осы тақырыптағы сауалнамасына былтыр 4,6 миллион адам қатысты. Сауалнамаға жауап берушілердің 84 пайызы жылына екі түрлі сағат режиміне қарсы шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар