«Трамп - АҚШ тарихының ең қауіпті президенті»

Бруклин провинциясында 2020 жылы президенттік сайлау науқанын бастаған Берни Сандерс Дональд Трампты қатаң түрде сынға алды.

1155865
«Трамп - АҚШ тарихының ең қауіпті президенті»

АҚШ-та 2020 жылы өтетін президенттік сайлауға үміткер екенін жариялаған Вермонт штаты сенаторы Берни Сандерс Трамптың АҚШ тарихындағы «ең қауіпті президент» екенін алға тартты.

Нью-Йорктың Бруклин провинциясында 2020 президенттік кампаниясын бастаған Сандерс АҚШ президенті Дональд Трампты қатаң сынға алды.

Трампты АҚШ халқын нәсіл, жыныс және дін  тақырыптарында бөлшектеумен айыптаған Сандерс бірлік пен ынтымақтастық уәдесі берді.

Трамптың үкіметті апталық еңбек ақысы чектерімен күн көрген 800 мың федеральдық қызметкерді қинағанын атап көрсеткен Сандерс өзінің Трамп сияқты люкс көпқабатты ғимараттар салу үшін миллион доллар берген бір отбасынан шықпағанын атап көрсетті.

Сайлау науқанына қатысушыларға алғысын білдірген Сандерс сайлауда демократтардың «АҚШ тарихының ең қауіпті президенті» деп атаған Трампты жеңетінін атап көрсетті.

«Демократиялық социалист» деп аталған және 2016 жылғы президенттік науқанда демократтардың саясатына жаңа бағыт-бағдар берген 77 жасар Сандерс АҚШ-та қазіргі саяси тәртіпке қарсы сыншыл ұстаныммен танылады.



Ұқсас жаңалықтар