Катар Пәкістанға ұшақ рейстерін тоқтатты

Катар Пәкістанға ұшақ рейстерін тоқтатқанын хабарлады.

1154013
Катар Пәкістанға ұшақ рейстерін тоқтатты

Катар Пәкістанға ұшақ рейстерін тоқтатқанын хабарлады.

Катар Азаматтық авиация мекемесі жазбаша хабарлама жариялап, Пәкістанның әуе кеңістігін жабуына орай Катардан Пәкістанға барлық коммерциялық рейстерді тоқтатқанын білдірді.

Жолаушылардың және ұшақтардың қауіпсіздігі үшін қажетті барлық шараның қолданылатыны және тақырыпты жақыннан бақылайтындары атап көрсетілді.

Үндістан мен Пәкістан арасындағы соңғы келіспеушілік Үндістанда 14 ақпан күні 44 адам қаза тапқан бомбалы шабуылмен басталды. Жаңа Дели үкіметі шабуылға байланысты Пәкістанды айыптады.  Пәкістан болса айыптауды қабылдамады. Үндістан 26 ақпанда Кашмир бақылау желісінің Пәкістан жағындағы террорлық ұйым ұяшықтарына әуеден шабуыл жасағанын хабарлады.  Пәкістан да кеше Үндістанның екі әскери ұшағын құлатқанын білдірді.

Айырықша Пәкістан ұшақтары Үндістан әуе кеңістігін бұзды. Үндістан да Пәкістанның бір әскери ұшағын құлатқанын алға тартты.  Алайда Исламабад бұл хабарды растамады.

Оқиғалардан кейін Пәкістан барлық әуе кеңістігін жапты. Үндістан да кейбір әуежайларында рейстерді тоқтатты.



Ұқсас жаңалықтар