"Қылмысқа ортақ боласыңдар" деді

Макрон сары жейделілердің әрекеттері жол ашқан проблемалардың шешіміне байланысты муниципалитет басшыларымен жиналыс өткізді.

1153404
"Қылмысқа ортақ боласыңдар" деді

Франция президенті Эммануэль Макрон сары жейделілердің шараларына байланысты: «Күш қолданатын акцияларға баратындар «ең нашардың» қылмысына ортақ болады» деді.

Эммануэль Макрон сары жейделілердің әрекеттері жол ашқан проблемалардың шешіміне байланысты елдің шығысындағы муниципалитет басшыларымен жиналыс өткізді.

«Күш қолданатын әрекеттерге барғандар «ең нашардың» қылмысына ортақ болады» деген Макрон әрекеттерге тыйым салудың құқықтық жағынан мүмкін еместігін, алайда баршаның күш қолдануды айыптауы керектігін білдірді.

Еуропа Кеңесі Адам құқықтары комиссары Дуня Миятович Франция басшылығын ереуілшілердің құқықтарына құрмет көрсету, бейбіт мақсатты митинг еркіндігіне асыра шектеме келтірмеу және көз жасаурататын газ қолданбауға шақырған болатын.

Жағармай бағасының артуы және нашар экономикалық шарттарға наразылық ретінде басталған,  артынан Макрон басшылығына қарсы әрекеттерге айналған сары жейделілердің шерулері 2018 жылдың 17 қараша күнінен бері жалғасуда.

Осы шерулерде қазірге дейін 11 адам қаза тапты, 2 мыңнан астам адам жарақат алды, 8400 адам қамауға алынды және 1796 адам бас бостандығынан айрылды.



Ұқсас жаңалықтар