Колумбия мен Венесуэла шекарасындағы Симон Боливар көпірінде қақтығыс

Венесуэлада «гуманитарлық жәрдемдерді» елде апарған кезде қақтығыс шықты.

1151272
Колумбия мен Венесуэла шекарасындағы Симон Боливар көпірінде қақтығыс
venezuela sinirinda catisma2.jpg
venezuela sinirinda catisma1.jpg

Венесуэлада «гуманитарлық жәрдемдерді» елде апарған кезде шыққан қақтығыста 4 адамның қаза тапқаны алға тартылды.

Колумбияның Венесуэла шекарасында Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Халықаралық өркендеу агенттігі тарапынан (USAID) жіберілген «гуманитарлық жәрдемдердің» Венесуэлада өзін өзі уақытша президент ретінде жариялаған Хуан Гуаидоға тапсыру және елге кіргізуге тырысқан кезде қауіпсіздік күштері мен оппозиционерлер арасында қақтығыс шықты.

Колумбия мен Венесуэланы байланыстырған Халықаралық Симон Боливар көпірінде қауіпсіздік күштері молотов бомбасы мен тас лақтырған ереуілшілерге көз жасаурататын газ қолданды.

Шекарадағы тағы бір көпір болған Франсиско де Паула Сантандерде болса жәрдем керуендерінің өртенуі пікір таластарға жол ашты.

Үкіметке жақын ақпарат көздері жүк көліктерінің оппозиционерлер тарапынан провокация мақсатты, оппозиционерлер болса жүк көліктерін Боливаршыл Ұлттық сарбаздар (GNB) тарапынан өртенгенін алға тартты.

Оппозиционерлерге жақын венесуэлалық азаматтық қоғам мекемесі Форо Пенал шекара аймақтарындағы қақтығыста 4 адамның қаза тапқанын, 200-ден астам адамның жарақаттанғанын және 51 адамның тергеуге алынғанын алға тартты.

Венесуэла үкіметі тарапынан тақырыппен байланысты ресми мәлімдеме жасалмады.

Алғашқы қарқынды қақтығыстар басталған Бразилия шекарасы қазірге дейін Венесуэлаға кірген жалғыз жәрдем пункті болды.

Азанғы уақытта Венесуэлаға Бразилия шекарасынан дәрі-дәрмекке толы гуманитарлық жәрдемнің кіргені атап көрсетілді.

Колумбиялық ақпарат көздері қазірге дейін әртүрлі мансаптан Венесуэла қауіпсіздік күштеріне мүше 60-дан астам әскердің қашып Колумбияны паналағанын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар