Хуан Гуаидо Боготада АҚШ вице-президентімен бас қосады

Венесуэлада өзін президент ретінде жариялаған Хуан Гуаидо Боготада ұйымдастырылатын Лима тобы жиналысында Майк Пенспен бас қосатынын атап көрсетті.

1151370
Хуан Гуаидо Боготада АҚШ вице-президентімен бас қосады

Венесуэлада өзін президент ретінде жариялаған Ұлттық Мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидо Колумбияның бас қаласы Боготада ұйымдастырылатын Лима тобы жиналысында АҚШ вице-президенті Майк Пенспен бас қосатынын атап көрсетті.

Колумбия президенті Иван Дуке Америка мемлекеттері ұйымы Бас хатшысы Луис Алмагро және Гуаидо, Венесуэламен шекара қаласы Джуджутада баспасөз жиналысы өткізді.

Гуаидо жедел гуманитарлық жәрдемдерді өткізу сұранысымен әртүрлі шекара қақпасындағы қақтығыстар жайлы президент Николас Мадуроны айыптап, «Бүгін аштардың қажеттілігі болған азық-түлікті, науқастардың дәрі-дәрмектерін өртеуден шегінбейтін бір адам көрдік деді.

Американ құрлығындағы 14 елден тұратын және соңғы шешімдеріне Мексика қатыспаған Лима тобының Колумбияның бас қаласы Боготада ертең ұйымдастырылатын саммитке қатысатынын жариялаған Гуаидо осында АҚШ вице-президенті Майк Пенспен кездесетінін жариялады.

Гуаидо Пенспен кездесуінде елімен байланысты дипломатиялық бастамалар және ынтымақтастық тақырыптарының күн тәртібіне келетінін атап көрсетті.

Венесуэла армиясының президент Мадуроға бағынышты емес екенін атап көрсеткен Гуаидо осыдан кейін оппозицияны үздіксіз шерулер ұйымдастыруға шақырды.

Басқа жағынан Колумбия Сыртқы істер министрі Карлос Холмес Тружилло болса елінде Венесуэлаға «гуманитарлық жәрдем» материалы кіргізу әрекеті кезінде шыққан оқиғалармен байланысты мәлімдеме жасады.

Оқиғаларда жалпы 285 адамның жарақат алғанын және осы жаралылардың 30-ының Колумбия азаматы екенін атап көрсеткен Тружилло Колумбияны паналаған әскер санының 61-ге ұласқанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар