Бразилиямен арадағы шекараны жапты

Шешімге себеп – халықты қорғау.

1150293
Бразилиямен арадағы шекараны жапты

Венесуэла президенті Николас Мадуро елінің Бразилия шекарасының кеше жабылғанын білдірді.

Шешімге себеп – халықты қорғау.  Мадуро Колумбиямен шекараны да толығымен жабу пікірін де қарастырғанын білдірді.

Көрші елдермен шекараны жабуды жоспарлап отырғандарын айтқан президент Колумбия армиясын да Венесуэлаға қарсы арандатушылыққа құрал болмау үшін ескертті.

Мадуро оппозиция «гуманитарлық көмек» келеді деп жариялаған 23 ақпан күні оқиға шығатын болса,  Колумбия басшысын жауапты деп есептейтінін атап көрсетті.

Колумбиядан кейін Бразилия да Венесуэла шекарасына «гуманитарлық көмек» жеткізетінін білдірген болатын.

Каракас әкімшілігі  болса көмек материалдары таратылатын орталық деп жарияланған Голландия бақылауындағы аралмен теңіз және әуе қатынасын да жапқан еді.

Мадуро: «Көмек таластары – АҚШ-тың басқыншылық стратегиясының бір бөлшегі» деді.

Елдегі оппозиция болса 300 мың адамның жедел көмекке мұқтаж екенін, 2 миллион адамның ауру рискімен бетпе-бет екенін алға тартуда.



Ұқсас жаңалықтар