«Тәуелсіз бір елге операция жасау БҰҰ белгілеген ережелерге қарама-қайшы»

Сергей Лавров АҚШ-тың Венесуэлаға бағытталған әскери операциялық қорқытуларын сынға алды.

1149483
«Тәуелсіз бір елге операция жасау БҰҰ белгілеген ережелерге қарама-қайшы»

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың Венесуэлаға бағытталған әскери операциялық қорқытуларына қарсы «Тәуелсіз бір елге операция жасау БҰҰ белгілеген ережелерге қарама-қайшы» деді.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Замбия Сыртқы істер министрі Джой Маланжи екі ел арасындағы дипломатиялық ынтымақтастықтардың құрылуының 55 жылдығы аясында Мәскеуде басқосуларының артынан ортақ баспасөз жиналысы өткізді.

Венесуэладағы жағдайға алаңдағанын атап көрсеткен Лавров журналисттер қойған бір сұраққа «АҚШ-тың әскери операция қорқытуларын Венесуэлада оппозицияда қолдамайды. Тәуелсіз бір елге тікелей операция жасау БҰҰ белгілеген ережелерге қарама-қайшы» деді.

Лавров Венесуэладағы мәселенің дипломатиялық келіссөз арқылы шешілу керектігіне назар аударды.

Замбия Сыртқы істер министрі Маланжи болса бас қосудың артынан екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық шараларын қолға алғандарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар