Үй өртеніп, 7 бала қаза тапты
Халифакста бір үйде өрт шығып, сириялық отбасының 7 баласы қаза тапты.
1148989
Канаданың Нова Скотия штатының бас қаласы Халифакста бір үйде өрт шығып, сириялық отбасының 7 баласы қаза тапты.
Халифакс қаласы полициясы бір үйде таңға жақын өрт шыққанын, 7 баланың өртеніп өлгенін білдірді. Балалардың ең кішісі - 3 айлық нәресте.
Өртте балаларын құтқаруға тырысқан ата-анасы жарақат алды. Олар ауруханаға жеткізілді.
Халифакс қалалық муниципалитет басшысы Майк Савадж «Біздің де жүрегіміз өртенді. Дұғаларымыз отбасы және жақындарымен бірге» деді.
Өрттің себебі іздестірілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Орталық Жерорта теңізінде 510 заңсыз мигрант қаза тапты
Осы жылдың басынан бері Орталық Жерорта теңізінде 510 заңсыз мигранттың қайтыс болғаны хабарланды.