Пәкістан Тегеранға арнайы делегация жібереді

Пәкістан Иранның оңтүстік шығысындағы жанкешті шабуылмен байланысты Тегеранға арнайы делегация жіберетінін білдірді.

1147450
Пәкістан Тегеранға арнайы делегация жібереді

Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Куреши Иранның оңтүстік шығысындағы жанкешті шабуылмен байланысты Тегеранға делегация жіберетіндерін білдірді.

Иран Сыртқы істер министрлігінің интернет парақшасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Куреши мен Сыртқы істер министрі Мұхаммед Зариф телефонда әңгімелесті.

Систан-Белуджистанда Төңкеріс сарбаздары армиясынан 27 әскердің өліміне себеп болған жанкешті шабуылды айыптаған Куреши ирандық мекемелермен кездесу үшін Пәкістаннан бір топ маманды Тегеранға жіберетінін атап көрсетті.

Куреши оқиғаның зерттелуі және террор ұйымымен күрес үшін Пәкістанның Иранмен әртүрлі ынтымақтастыққа дайын екенін атап көрсетті.

Иранның оңтүстік шығысындағы Систан-Белуджистан уәлаятына қарасты Захидан қаласында бейсенбі күні көлікпен жасалған жанкешті шабуылда Төңкеріс сарбаздары армиясына мүше 27 әскер қаза тапқан болатын.

Шабуылды аймақта лаңкестік шабуылдар жасайтын Джейшу-л Адл ұйымы мойындаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар