Қытай мен АҚШ сауда келіссөзінде негізгі тақырыпда принциптік жақтан ортақ көзқарасқа келді

Вашингтон келіссөздерден нәтиже шықпаса, Қытай заттарынан алынатын салық 10 пайыздан 25 пайызға көтеріледі

cin-abd muzakereler1.jpg

Қытай мен АҚШ  делегациялары арасында жалғасып жатқан сауда келіссөздерінде негізгі тақырыптарда принциптік жақтан ортақ көзқарасқа келді.  

Қытайдың Шинхуа хабар агенттігінің хабарына қарағанда, Қытай Орталық Қаржы және экономика лидерлік тобы директоры және вице-премьер Лиу Хы,  АҚШ Қазына министрі Стевен Мнучин (Steven Mnuchin) және Сауда өкілі Роберт Лайтхайзер басшылығындағы делегациялардың Пекинде аяқталған Қытай-АҚШ Сауда және Экономика Жоғары деңгейдегі 6-кезекті келіссөздерінде "Негізгі тақырыптарда принциптік жақтан ортақ көзқарасқа келгені" хабарланды.

Екі тараптың келіссөздерде ортақ мүдделі салалары бар технология айырбастау, ой-пікір мүлкінің құқықтарын қорғау, салықсыз сауда, қызмет және егін шаруашылықтары, сауда тепе-теңдігі, қарызды қайтару механизмдері сияқты салаларда терең байланыстар жасалды. 

Қытай тарапы алаңдап отырған тақырыптарға байланысты да көзқарас алмастырған тараптар "Негізгі тақырыптарда принциптік жақтан ортақ көзқарасқа келіп",  екі жақтылы сауда мен экономикалық тақырыптарда өзара түсіністік жасау жөнінде арнайы келіссөз өткізді.

Қытайда жалғасқан сауда келіссөздері аясында АҚШ Қазына министрі Стевен Мнучин (Steven Mnuchin) және Сауда өкілі Роберт Лайтхайзерді қабылдаған Қытай Президенті Ши Жинпиң:

"Ынтымақтастық екі тарапқа да пайдалы. Қақғығыс бәрімізге зиянын тигізеді. Ынтымақтастық ең тамаша талғам" " деп көрсетті. 

Қытай мен АҚШ делегацияларының айдың басында Вашингтонда болып өткен келіссөздерінде АҚШ президенті Дональд Трамп, Қытаймен үлкен бір сауда келісімі жасауға дайын екенін, алайда,  қажет болса, Пекин әкімшілігіне ұзағырақ уақыт бере алатындарын мәлімдеген болатын.

Келер арта Вашингтонда жалғасатын тың келіссөздер жиналысының бірінші наурызда аяқталатын "Сауда бітімінің" алдындағы соңғы жиналыс болуы күтілуде. 

Вашингтондағы келіссөздерден нәтиже шықпаса, 200 миллиард долларлық құнға ие Қытай заттарынан алынатын салық 10 пайыздан 25 пайызға көтеріледі.



Ұқсас жаңалықтар