Халықаралық Кешірім ұйымы Қытайға ескерту жасады

Халықаралық Кешірім ұйымы Шыңжаңдағы ұйғыр мәселесі жөнінде Адам Құқықтары Кеңесін міндетке шақырды.

1143158
Халықаралық Кешірім ұйымы Қытайға ескерту жасады

Халықаралық Кешірім ұйымы Қытайға ескерту жасады.

Халықаралық Кешірім ұйымы Шыңжаңдағы ұйғыр мәселесі жөнінде Адам Құқықтары Кеңесін міндетке шақырды.

Халықаралық Кешірім ұйымы және кейбір азаматтық ұйымдары 1 миллионнан астам мұсылман ұйғырдың лагерьлерде жәбір-жапа көргенін баяндап, Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағына бақылаушы делегация жіберілуі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам Құқықтары Кеңесін міндетке шақырды.

Халықаралық Кешірім ұйымы, Адам Құқықтары Бақылау Ұйымы Әлем ұйғыр конгресі, көптеген аймақтық және халықаралық азаматтық ұйымдар бірлесе отырып ортақ бір хаттама жариялады. Хаттамада мұсылман ұйғырлардың Қытайдың зұлматына душар болғанын білдіріп, Қытайдың адам құқықтарына қайшы зұлматтық тақырыбында БҰҰ Адам Құқықтары Кеңесін міндетке шақырды.

Хаттамада Адам Құқықтары басшысының жағдайды тексеру және лагерьлерде қамалған ұйғыр және басқа мұсылмандардың жағдайына байланысты шындықтарды жарыққа  шығару үшін аймаққа бақылаушы делегация жіберілуі жөнінде үндеу тастады. Хаттамада сонымен қатар Адам Құқықтары басшысының Қытайдың осы делегацияға «тәуелсіз, шексіз және қадағалаусыз» бақылау жасауға рұқсат беруі керектігін атап өтті.

Хаттамада Қытай билігінің Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймағындағы мұсылман ұйғырларға қарсы «адам құқықтарын бұзу кампаниясын» жүргізіп отырғанын мәлімдеді. Хаттамада Пекин әкімшілігінің мүшесі болған кеңестің жауапкершілігін орындауы керектігі білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар