Елді мекендерде өмір тоқтап қалды

Жергілікті мәжіліс екі елді мекенді "қираған қала" деп жариялады.

1141373
Елді мекендерде өмір тоқтап қалды

Сирияның Идлиб қаласындағы екі елді мекен «қираған қала» деп жарияланды.  Екі елді мекенді Башар Асад әскерлері екі айдан бері бомбалап, ондаған адам қаза тапты.

Тух және Жернежаз елді мекендері Түркия мен Ресей арасында қол қойылған Сочи келісімі шеңберінде ауыр қарулардан тазаланғанына қарамастан,  соңғы екі айдан бері режим жасақтарының шабуылына ұшырауда.

Екі елді мекендегі он мыңдаған отбасы көшіп кетіп,  Түркия шекарасына жақын маңдағы лагерьлерді паналады.

Режимнің майдан желісіне 12 км қашықтықтағы елді мекендерде бомбалау мыңдаған үйді қиратты. Ондаған адам қаза тапты.

Жергілікті мәжілістер осы екі елді мекенді «қираған қала» деп жариялады.



Ұқсас жаңалықтар