Венесуэла үшін Халықаралық Байланыс тобы құрылды

Байланыс тобы алғашқы жиналысын келесі аптада өткізеді.

1136993
Венесуэла үшін Халықаралық Байланыс тобы құрылды

Еуропа Одағы Венесуэладағы дағдарысқа байланысты Халықаралық Байланыс тобы құрылғанын жариялады.

Еуропа Одағы Сыртқы істер және Қауіпсіздік саясаттары жоғары комиссары Федерика Могорини ЕО Сыртқы істер министрлерінің бейресми жиналысынан кейін баспасөз өкілдеріне мәлімдеме жасады.

Венесуэладағы дағдарысқа байланысты Еуропа Одағы басшылығында Халықаралық Байланыс тобы құрылғанын білдірген Могерини топ мүшелері арасында Франция, Германия, Италия, Испания, Португалия, Швеция, Эквадор, Коста-Рика, Боливия және Уругвай бар екенін айтты.

Могерини аталмыш топтың Венесуэлада жаңа президенттік сайлауын өткізу мақсатымен құрылғанын және жеткілікті саяси прогресс болмаса,  90 күн ішінде топтың ыдырайтынын айтты.

Байланыс тобы бірінші жиналысын келесі аптада бір Латын Америка елінде өткізеді. Могерини айырықша бүгін Еуропа Одағы сыртқы істер министрлерінің Венесуэлаға жаңа санкция жүргізуді талқылайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар